Зияткерлік мектептер арасында 8 сыныптар арасында өткен сайыста 16 топ, 9 сыныптар арасында да 16 топ бақ сынасты. Онлайн жүйесінде өткен шарада әр команда 4 оқушыдан берілген уақыт мезетінде тапсырманы шешіп, өз жауаптарын ұсыну керек болды.

- Жыл сайын қатысушылар тарапынан аталмыш ойынға деген қызығушылық артып келеді. Командалар саны да өсуде. Жалпы ойын 3 кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде әр мектептің ТРИЗ тренерлерінің көмегімен мектеп намысын қорғау үшін командаға іріктеу жұмысы жасалды. Екінші кезеңде жасақталған командалар онлайн тапсырмаларды ала отырып, жазбаша жауап берген еді. Олардың ішінен ең үздік 8 команда ақтық сынға өтіп, 3 кезеңде өзара бақ таластырды, - дейді ТРИЗ шығармашылық тобының координаторы Талғат Әубәкіров.

Ойынға арнайы өнертапқыштық және зерттеушілік тапсырмаларды Павлодар қаласының ХББ ТРИЗ шығармашылық тобы дайындайды. Олардың барлығы өмірлік жағдаяттарға негізделген, бақылаушы жауаптар белігілі фактілермен дәйектеледі. Нәтижесінде 9 сыныптар арасында 1-орынды Тараз қаласының НЗМ, 2-орынды Павлодар қаласының НЗМ, 3-орын Семей қаласының НЗМ иеленді. 8-сыныптар арасында 1-орынды Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы, 2-орынды Орал қаласындағы НЗМ, 3-орын Павлодар қаласының №8 лицейі жеңіп алды.

- Мен өзім 7-сыныптан бастап кратив тартыстарға қатысып келемін, - дейді Павлодар қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9 «А» сынып оқушысы Ғалымжан Жанғазы. - Мұндай ойындар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, ересек өмірде кездесуі мүмкін мәселелерге дайындап, тиімді шешім қабылдауға бағыттайды. Сонымен қатар тапсырмалар экономикалық, экологиялық, этикалық аспектілерге негізделіп, барлық ғылым салалырынан алған білімдеріміздің қолдануын талап етеді. Және тапсырмалардағы мәселелер оқушыларды алдағы уақытта өз зерттеуін бастауға бағыттайды.

Атап өту керек, желілік креатив-тартыстың ұйымдастырушылары  - мектеп директорының орынбасары Ирина Бабич, ТРИЗ шығармашылық тобының координаторлары Ілияс Шорманов, Талғат Әубәкіров және Алмаз Кенжанов. Шығармашылық топ 2015 жылдан бастап жұмыс жасайды. Алғашқы ойындар мектепішілік, қалалық, облыстық деңгейлерде өткізілсе, соңғы екі жыл бойы еліміздің барлық зияткерлік мектептеріне таралып отыр.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам