Бұл туралы облыстық туризмді және спортты дамыту жөніндегі басқармасының бас маманы Нұрсұлтан Абыкешев мәлім етті.

- Ел чемпионатында 7 өңірден келген 30-ға жуық спортшы бағын сынады, -деді Нұрсұлтан Абыкешев. – Павлодар облысынан жарыс жолына 7 спортшы шықты. Спортшыларымыз 6 медаль еншіледі.

Павлодарлық пара шаңғышылар 2 алтын және 4 күміс медаль салды. Оның ішінде Сара Прокофьева көзі нашар көретіндер арасында өнер көрсетіп, 3 шақырым қашықтықта классикалық жүріс бойынша және еркін жүріс бойынша қос алтын медаль жеңіп алды.

Ал, дәл осы топта жарысқа түскен Құралай Дайырханова қос күмісті олжалады.

София Колпакова қимыл-тірек аппараты бұзылғандар арасында сынға түсіп, 3 шақырымдық классикалық және еркін жүріс бойынша күміс медальдерге қол жеткізді.

Айта кетейік, чемпионат қорытындысына сәйкес пара шаңғы жарысы бойынша Қазақстанның ұлттық паралимпиадашылар құрамасы бекітіледі.

Оразбек Саяхат

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, пара шаңғы жарысы, спорт