Көрмеге № 36, 17, 43 мектептері және Ақсу қаласының № 8 мектебінің 5-9-сынып оқушыларының шығармашылық жұмыстары қойылды.

- Осындай көрмелер оқушыларымыздың жұмысын көпшілікке көрсетуге жақсы мүмкіндік береді, - дейді №17 жалпы орта білім беру мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Жүрсін Батталов. - Бүгінгі көрмеге оқушыларымыз жасаған 20-дан астам жұмыс қойылды. Осындай фестивальдар арқылы ұлттық өнерді дамытып, үйретудеміз. Балалар ою-өрнек ойып, ағаш сияқты заттармен жұмыс жасағанды ұнатады. Қызығушылықтары өте жоғары. Сондықтан білім бөлімі, көркем еңбек пәнінің мұғалімдері балаларды одан сайын ынталандыру мақсатында жұмыс жасап, осындай шараларды ұйымдастыруға атсалысуымыз керек деп ойлаймын.

Оқушылар мен оқытушыларға шеберлік сағатын «Атамекен» ҚР өңірлік Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі, Қазақстан Суретшілер одағы мен Оңтүстік Қазақстан қолөнершілер одағының мүшесі Алтын Атеева өткізді.

- Мен бұл көрмеге қатысып отырғаныма өте қуаныштымын. Бізде мықты және лайықты педагогтар өте көп, - дейді Алтын Атеева. - Өзім сәндік-қолданбалы өнердің маманымын. Сондықтан көрмені өте ауқымды деп айта аламын. Әртүрлі бағыттағы, әртүрлі заттардан жасалған жұмыстар қойылған. Жалпы білім беретін мектептің осындай форматтағы көрмесіне алғаш рет қатысып отырғандықтан, таң қалдыратын дүниелерді көрдім. Ұстаздар мен балаларға үлкен шығармашылық табыс тілеймін. Осындай іс-шаралар жыл сайын өткізіліп тұрса деген ниетіміз бар.

 Айгүл Жүсіпова 

Фото: Павлодар қаласы әкімдігінен 

pavlodarnews.kz

Тэги: