- Бұл олимпиаданың мақсаты - балаларға рухани-өнегелік тәрбие беру, - дейді «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығында. – Сондай-ақ құндылық бағдарын қалыптастыру, шығармашылық іс-әрекетіндегі әлеуетін, даралық құндылықтарын, азаматтық ұстанымын, өзін-өзі көрсетуге, кемелдендіруге ұмтылысын дамыту болып табылады.

Олимпиада қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломдармен – 5 оқушы, ІІ дәрежелі дипломдармен – 10 оқушы және ІІІ дәрежелі дипломдармен 23 оқушы марапатталды.

Айта кетерлігі, облыстық олимпиаданың жеңімпаздары Талдықорған қаласында өтетін республикалық кезеңде Павлодар облысының намысын қорғайды.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам