Байқау 4 кезеңнен тұрады: визит картасы - «Менің отбасым – менің бақытым!» тақырыбына сай әрбір қатысушы бейне ролик дайындап, сол арқылы мінсіз келін бейнесін көрсетуі қажет.

2 кезең «Шебер келін» деп аталады. Бұл кезең қатысушылар үшін үй тапсырмасы ретінде беріледі. Бұл кезеңде жас келіндер өздері дайындаған ұлттық тағамдарды әділқазылар алқасына ұсынып, өз тағамын таныстырады. Тағамды таныстыру регламенті – 2 минут.

«Ас үй білгірлері» кезеңінде қатысушы жас келіндер қазақ халқының дәстүрі мен әдет-ғұрпына сай шай құю мен оны әділ қазылар мүшелеріне қалай ұсыну бойынша сайысқа түседі. Сонымен қатар, осы кезеңде жас келіндер «Бешбармақ» ұлттық тағамына қамыр жаю шеберлігін көрсетеді.

4 кезең «Шығармашылық» деп аталады. Бұл бөлімде әрбір қатысушы шығармашылық нөмір дайындайды.

Өткізілу күні және уақыты: 2020 жылдың 5 наурызы, сағат 14:00-де.

Өтетін орны: «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ, Ломов, көш. 38.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам