Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

CTS Қоғаммен байланыс қызметінің басшысы Оксана Лоскутованың айтуынша, жол жүру ақысы бұрынғыдай болып қала береді. Сондай-ақ, көлік картасын қайта сатып алудың қажеті жоқ.

Елордадағы қоғамдық көлікке жауапты компанияның жаңа атауына (CTS) логотип дайындауға 100 мың теңге жұмсалған.

Бұған дейін бүгін астанада "Елорда көлік кешенінің дамуы: кеше, бүгін, ертең" конференциясы өтті. Конференция барысында "Астана LRT" басқарма төрағасы Б.К. Игенбердинов "Астана LRT" атауы өзгергенін хабарлады.

pavlodarnews.kz

Тэги: