- «Нұрлы Жер» ЖТҚ 10 сотық толық жер телімі бар дайын тұрғын үйді сатып алуды ұсынады, - дейді «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» бизнесті дамыту бөлімінің басшысы Қаршыға Жақсылықов. – Орталық коммуникациялары бар таза әрленген, сапалы екі қабатты кірпіш үйдің ауданы 160 шаршы метрді құрайды. Шамамен бір үйдің құны 19 миллион 200 мың теңге. Бірінші кезекте жер телімдеріне кезекте тұрған адамдардың алу мүмкіндігі бар. Аталмыш бағдарлама бойынша тұрғын үй сатып алу үшін тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің депозитінде пәтер құнының 20 пайызы болуы қажет. Сондай-ақ Кенжекөл ауданы әкімдігінен кезекте тұрғандығы туралы құжаты болуы тиіс. Төлем қабілеттілігін тексергеннен кейін банк ипотекалық қарызды жылдық 5 пайызбен беруге дайын.

Тұрғын үй шаршы метрінің құны 120 мың теңгені құрайды. Үйде жылыту пеші орналасқан. Пешке кіру жеке, бұл үйді жылыту кезінде тазалықты сақтауға мүмкіндік береді.

- Кенжекөл ауылдық округіндегі 1 типті үйлер, бұл үлкен құрылыстың басы ғана, - дейді бизнесті дамыту бөлімінің басшысы. – Қазір 2,3,4 типті үйлердің құрылысы жүргізілуде. Болашақта мұнда үлкен, дамыған аудан болады. Бірінші кезекте тұрғын үй ЖАО-да кезекте тұрғандар арасында бөлінеді, ал қалған пәтерлерді салымшылардың басқа санаттары ала алады.

Кенжекөл ауылдық округының әкімі Серік Шуақбаевтың айтуынша, ауданның құрылысы аяқталғаннан кейін, яғни 4 типті үйлер толығымен салынып біткеннен кейін абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады. Ол қазіргі уақытта мұнда су тартылғанын, электр жүйесі мен канализациянын бар екенін атап өтті. Бір-екі жылдың ішінде жылуды орталықтандыру көзделіп отыр.

 Айгүл Жүсіпова 

Фото: автор

pavlodarnews.kz

Тэги: