Бұл туралы 24.kz жазды.  Бұхар Жырау, Қарқаралы, Абай, Шет, Ақтоғай мен Осакаров аудандарындағы елді мекендер ерекше бақылауда. Апатты-құтқару және жедел атқарылған жұмыстар барысында су басқан аймақтардан 1850 адам эвакуацияланды. Сонымен қатар 5338 бас ірі және ұсақ мал қауіпсіз жерге көшірілді. Су тасу кезеңі басталғалы бері құтқару жұмыстарына жеке құрамнан 2288 адам мен 709 бірлік техника тартылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі. 

pavlodarnews.kz