«Санкт-Петербург қаласында дауыс жүйесіне отаны жақсы жасайтынын естідік. Сол жерде емделіп шығуға мүмкіндік болған соң жіберіп отырмыз. Бастапқыда дәрігерлер бір апта сыртқа шығуға тыйым салды. Себебі, құлақ пен мұрыннан кірген ауа отаның нәтижесін судай шайып жіберуі мүмкін. Мұнымен қатар, мамандар оған бір ай бойы сөйлеуге тыйым салды. Осылайша біраз уақыт дауысына ешқандай ауыртпашылық салмауы тиіс», – дейді продюсер Ерғали Әбдірайымов.

Baq.kz хабарлағандай, Ердос Қанаевтың өзі жақында ғана дәл осындай тамақ дертінен құтылды. Ал Айдар тамақ ауруларынан алдын ала сақтанып жүреді екен.

«Мырзахан биыл қыс мезгілінде тамағына суық тигізіп алды. Жеңіл қарағандықтан, ауруына асқындырып алды. Дыбыстық жүйесіне кішкене зақым келген екен. Жуырда Петербург қаласына ұшып кетті. Бұл отаны сол жақта ғана жақсы жасайды екен. Хабарласып жағдайын сұрап тұрамыз. Айтуынша, отасы сәтті өткен. Нақты қанша уақыт екенін білмеймін, бірақ әзірге оған ән айтуға тыйым салынды», – дейді Ердос Қанаев.

 

pavlodarnews.kz