Ол Орталық Азияның тумасы, 26 жастағы Аброр Азимов. Бұл туралы RT хабарлайды, деп жазады  tengrinews.kz.

ФҚҚ мәліметінше, ұсталған Азимов терактіні ұйымдастырушыны Қырғызстан тумасы Акбаржон Джалиловты дайындаған. Жедел түсірілімнен Азимовтың темір жол бойында ұсталған. "Не үшін ұсталғаныңызды сезіп тұрсыз ба?", - деп сұрақ қойды қызметкерлердің бірі. "Иә", - деді Азимов. Болжамды лаңкестің ұсталған сәтінде оның қалтасынан қарулы тапанша оғымен, ұялы телефон, оның қорапшасы және қуаттау құрылғысы табылды. Ұсталған адамды Ресейдің Тергеу комитетіне жеткізді.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың 3 сәуірінде Санкт-Петербург метросының екі бекетінде жарылыс болған еді - "Сенная площадь" және "Технологический институт". Екі жарылыстан зардап шеккендер арасында балалардың бары да анықталған. Құтқарушылар жолаушыларды эвакуациялап жатыр. Сонымен қатар қазіргі уақытта метро бекеттеріне кіру және шығу жолдары жабылған.

pavlodarnews.kz