Бұл туралы  tengrinews.kz жазады.

Агенттіктің мәліметі бойынша, ел астанасының Бешікташ ауданында мыңға жуық адам және қаланың азиялық бөлігіндегі Кадикей ауданында екі мыңдай адам шеруге шыққан. Жексенбі күні Түркияда парламенттік басқарудан президенттік басқаруға өту бойынша референдум өтті. Алдын ала мәлімет бойынша, президенттік басқаруды жақтаушылар 51,4 пайыз дауыс жинап, жеңіске жеткен. Конституциялық өзгерісті мұның алдында Парламент қолдап, Реджеп Тайип Ердоған оған қол қойған болатын. Шеру кезіндегі құқықбұзушылықтар туралы ақпарат жоқ.

pavlodarnews.kz