Бұл туралы ТҮКШ бөлімі коммуналдық меншік секторының меңгерушісі Ербол Зейнулла айтып берді. 

- Вандалдар алты аялдаманы қиратып кетті, - дейді Ербол Зейнулла. – Келтірілген шығын көлемі шамамен – 300 мың теңге. Шыныларды шағып тастау жиі орын алады. Ай сайын алты-жеті аялдаманың шынысын ауыстыруға тура келеді. Бұзақыларды ұстау үшін ІІБ-не сауал хат жолдаймыз. Дегенмен олардың біреуі де қолға түспеді. Сондықтан өз есебімізден шығындалуға тура келеді.

Сектор меңгерушісінің айтуынша, Павлодарда соққы кезінде шашылып қалмайтын, есесіне сынып кететін 50 шыны аялдама тұрғызылған. Олардың басым бөлігі Кутузов, Толстой және Шөкин көшелерінде орналасқан.

Томирис Бекжан

Суретті түсірген - Елизавета Веслёнева

pavlodarnews.kz