- Бүгінгі күннің жастары нәтижелі IT-жобаларды жасау үшін коммуникациялық алаңдарды ұйымдастыра отырып, болашақ IT-мемлекетті дамытуға зор үлес қосады. Сіздер қазақстандық қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына әрі 21 ғасырда қуатты және көркейген мемлекетті құру үшін Қазақстанда ашық ақпараттық орта құрудың жолдарын көрсете аласыздар деген сенемін, – деді жастарға С. Торайғыров атындағы ПМУ-нің ректоры, с.ғ.д., профессор Арын Өрсариев.

Байқау барысында жас бағдарламашылар бір тәуліктің ішінде "EXPO-2017" көрмесі бойынша жолнұсқалық мобильді қосымша жасап шығаруды көздеді.

Нәтижесінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері үшінші орынды иеленді. С. Торайғыров атындағы ПМУ студенттері «KAYDA» атты мобильді қосымшасын жасап, екінші орынға жайғасты. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің жас бағдарламашыларының жобалары үздік деп танылып, жеңімпаз атанды.

Айта кетерлігі, «Хакатон» – қойылған міндеттер мен мақсаттарды қысқа уақытта жүзеге асыруға бағытталған бағдарламалау марафоны. Бір топқа бағдарламашы, дизайнерлер мен менеджерлер топтасып, сынға түсті.

 

pavlodarnews.kz