Бұл туралы агенттікке берген сұхбатында ТҮКШ бөлімі коммуналдық меншік секторының меңгерушісі Ербол Зейнулла мәлім етті.

- Кутузов, Шөкин, Сәтбаев, Торайғыров, Лермонтов, Луговая және басқа да көшелерде жолдардың ортасындағы белгілер боялды, - дейді Ербол Зейнулла. – Коммуналдық апат орын алған жерлерге белгілер кейін қойылады. Мәселен, су құбыры жарылған жерлерге бояу жағу қиынға түседі. Сырлауға биыл 26 миллион теңге, пластикалық белгілерге 46 миллион теңге бөлінді.

Сектор меңгерушісінің айтуынша, сынап бағаны түнде 10 градустан төмен болған кезде ғана жолдарға белгілер орнатылады.

Былтыр мұндай жұмыс алғаш қолға алынған болатын. Тәжірибе белгілердің қысқа төзімді екенін көрсетті. Жүргізушілердің басым бөлігі көліктерінің дөңгелектерін жазғы түріне ауыстырмайды. Сондықтан жолдардағы белгілерді үш айдан да жиі бояуға тура келеді.

Томирис Бекжан

Суретті түсірген - Елизавета Весленёва

pavlodarnews.kz