Қазіргі уақытта су басу қаупінде тұрған және су басып жатқан облыстар мен қалалардың әкімдерін тыңдаған Бақытжан Сағынтаев қатаң ескерту жасады.

«Не дейтін еді, «Айта-айта Алтайды, Жамал апам қартайды» дейтін бе еді? Жыл сайын айтатын әңгіме осы су тасқыны болды ғой. Бір нәрсені қайта-қайта айта бергенше, әкімдер, өздеріңіз басқарып отырған өңірді қатаң бақылауда ұстаңыздар» - деді Премьер-министр.

Естеріңізде болса, көктемгі су тасқыны салдарынан еліміздің үш облысында төтенше жағдай жарияланған болатын, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі

 

pavlodarnews.kz