"Биыл алғашқы тоқсанда 182 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Соның ішінде 62 кооперативте сүт қабылдау бекеті бар. Ал 58 кооперативте қасапқана құрылды", - деді вице-министр Қайрат Айтуғанов Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Айта кетейік, отырыс барысында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев көктемгі егістік жұмыстарына жеткізілетін жанар-жағармайдың бағасын жариялады. Оның айтуынша, мамыр айында бағалар өзгеруі мүмкін, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

pavlodarnews.kz