Облыстық ТЖД-нің мәліметінше, Ульяносвк – Керней – Қалқаман тас жолынан 105 шақырым жерде, Бірлік ауылдық округінің Ақмектеп ауылының жанында еріген қар суы жайылған.

- Судың тереңдігі – бес сантиметр болса, ені – 60 метр. Жол ашық. Елді мекендерге ешбір қауіп төніп тұрған жоқ. Оқиға орнында Баянауыл ауылынан ДЭУ-75, КамАЗ, МТЗ-82 көліктері мен алты адам жұмыс істеуде. Өңір бойынша басқа аймақтарда жағдай тұрақты, - деді департаментте.

Ақбота Сейсенбаева

Видео Инстаграм әлеуметтік желісіндегі tipavlo парақшасынан алынды

pavlodarnews.kz