Облыстық ТЖД-нің мәліметінше, әзірге қанша аумақ өртенгені белгісіз. Оқиға орнында тоғыз автоцистерна, бес трактор, 50 орманшы жұмыс істеуде. Тілсіз жауды ауыздықтауға Шығыс Қазақстан облысынан орманшылар шыққан. Себебі қатты жел салдарынан өрт сол жаққа ауысып кетуі мүмкін. Сондай-ақ Лебяжі ауданы өрт сөндіру бөлімінен бір техника мен үш адам жұмылдырылған. Жергілікті тұрғындарға қауіп жоқ.

- Қазіргі таңда Жабағылы ауылына арнайы техника мен автобустар жіберілді. Біздің өрт сөндірушілер мен бес техника күзетте тұр. Жел батыстан шығысқа қарай соғуда. Егер де жағдай қиындаса, тұрғындар көршілес Төс-Ағаш ауылына тасымалдануы мүмкін. Өрт сағат төрттің кезінде Малыбай ауылдық округінде қырда басталған, - дейді Лебяжі ауданының әкімі Ернұр Әйткенов.

Ақбота Сейсенбаева

pavlodarnews.kz