Бұл туралы Baq.kz хабарлады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, екпінді жел соғады.

Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай жарқырайды.

Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Түнде және таңертең Оңтүстік Қазақстан, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады.

Түнде Алматы, түнде және таңертең Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

 
 
 

pavlodarnews.kz