Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, мектеп оқушылары, ата-аналар және мұғалімдер бірлесіп, Павлодар қаласының «Мейірімділер клубы»  еріктілері ұйымдастырған қайырымдылық шарасына атсалысуда.

- Пластикалық бөтелке қақпағын жинау науқаны биылғы жылдың 6-ақпан күні басталған, - дейді бөлім маманы Балжан Әділханова. - Акцияның мақсаты - қайта өңдеуден өтетін қақпақ жинау және жиналған қаражатты ауруға шалдыққан баланың жеке есеп шотына аудару. «Қақпақ көп болған сайын ауру балалар саны азаяды!» ұранымен басталған шараны бірінші болып № 17 мектептің оқушылары мен ата-аналар қауымы қолдап, белсенділік танытты. Сондай-ақ № 24 мектептің оқушылары мониторинг өткізіп, күн сайын ақпараттық қабырғаға орналастырып отырды

Науқан қорытындысы бойынша белсенді сыныптар аталып өтеді. Ал, ең белсенді оқушылар еріктілер тарапынан марапатталады.

pavlodarnews.kz