Павлодар облысы ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушылар бүгін таңғы сағат 08.00-де жолға шықты.

- «Павлодар облысы ТЖД жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінен 20 адам, 5 техника және үш бірлік жүзу құралы жіберілді. Олар 2017 жылдың 19 сәуірі күні белгіленген орында болуы тиіс. Сондай-ақ, Ақмола облысы ТЖД бастығының жедел бағынысына көшеді. Құралдар бөлінгеннен кейін апаттық-құтқару жұмыстарын бастайды, - дейді мамандар

pavlodarnews.kz