Бұл туралы ҚР Парламент Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің көшпелі жиыны барысында белілі болды.

    -Мен Успен және Шарбақты аудандарындағы бес мектепте болып, өте жоғары деңгейдегі материалдық базаны көріп риза болдым. Спорттық, техникалық құралдар мол екен. Тіпті, елордалық мектептермен салыстыруға болады. Сондай-ақ, мектеп жанындағы ауыл шаруашылық аймақтарында оқушылар көкөніс пен жеміс-жидектер өсіреді. Бұл өте пайдалы іс. Әр мектепте Тұңғыш Елбасы кабинеттерінің болуы да көңілге қуаныш сыйлайды, - деді сенатор Владимир Редкокашин.

Сенатор білім саласындағы түйіткілді мәселелерді де сөз етті.

    -Ауыл әкімдері елді мекендердердегі мектептерді сақтап қалуды өтінді. Өйткені білім ошағы болмаса, ауыл құрдымға кететінін айтады. Кейбір мектептерде - 1000, кейбірінде 150 ғана оқушы бар. Ойландыратын мәселе. Сонымен қатар сабақтарды ағылшын тілінде жүргізу мен директорлардың жалақысы туралы мәселе көтерілді. Жалпы, Павлодар облысындағы білікті педагогтардың жұмысы барша республикаға үлгі боларлық, - деді сенатор.

Думан Асқарбек

pavlodarnews.kz