Болат Бақауов бастаған Павлодар облысы делегациясының Беларусь еліне жасаған жұмыс сапары аясында ынтымақтастық туралы құжатқа қол қойылды.

Партизан ауданы әкімшілігінің сайтында хабарланғандай, Денис Овсяников меймандарды өнеркәсіптік кәсіпорындармен, жеке бизнес, денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет саласымен таныстырды. Өз кезегінде Қайрат Нүкенов өзара ынтымақтастық үшін Екібастұз өңірінің мүмкіндіктері туралы атап өтті. Келісімге қол қойғаннан кейін қос тарап естелік сыйлықтармен алмасты.

Партизан ауданы Беларусь елі астанасының шығыс бөлігінде орналасқан. Оның құрамына Минсктің шеті немесе қала сыртындағы ауылдар болған бірқатар аудандар кіреді.

Сурет Минск қаласы Партизан ауданының әкімшілігінен алынған

pavlodarnews.kz