Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.  2013 жылы 16 қыркүйек күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинь екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті дамыту мақсатында біріккен декларацияға қол қойып, 2017 жылды Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Туризм жылы деп жарияланған болатын.

«Бұл - екі елдің туризм саласындағы алғашқы ауқымды шарасы. Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы осы саладағы еліміздің нарығына айтарлықтай серпіліс беріп, туристік кластердің дамуын күшейтеді деп ойлаймын», - деді бүгін Алматыда «Туризм және саяхат» көрмесінің ашылуында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

  Көрменің ашылуына және Қазақстандағы Қытайдың туризм жылының басталуына арнайы келген ҚХР-дың Туризм істері бойынша мемлекеттік басқарма басшысы Ду Цзянь биылғы жыл екі елдің ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеретінін айтты. «Қазақстандағы Қытайдың туризм жылы екі ел ынтымақтастығының жаңа деңгейге шыққанын көрсетеді. Туризм саласы бойынша екі ел тұрғындарының белсенді іс-шаралар бойынша қарым-қатынасы, туристік компания қызметкерлерінің жұмысы жемісін беретін болады», - деді Ду Цзянь.

Айта кетейік, Қазақстандағы Қытайдың туризм жылы аясында елімізде бірқатар ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылмақ. Оның ішінде, көрмелер, таныстыру жиындары, Қазақстанға қосымша турлар ұйымдастыру шаралары кіреді.  

 

pavlodarnews.kz