«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының мәліметінше, алты жыл бойы 6-7 жастағы балалардың дарындылығын анықтау мақсатында ұйымдастырылатын шараға биыл мектепке дейінгі 36 мекеменің 71 тәрбиеленушісі қатысқан.

- Балғындарға логикалық есептер мен суреттерден сөйлемдер құрастыруға бағытталған әртүрлі 11 тапсырма ұсынылды. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес тапсырмаларды Б. Ахметов атындағы колледждің мамандары мен дарынды балаларға арналған мектептердің ең үздік ұстаздары бірге құрастырды. Қатысушылардың арасынан екі жыл қатарынан № 96, № 29, № 122 және 42 балабақша балғындарының дайындығы өте жоғары екенін атап өткім келеді, - дейді ғылыми-әдістемелік қызмет бөлімінің меңгерушісі Ақмарал Жапарбекова.

Нәтижесінде бірінші дәрежелі дипломмен № 96 сәбилер бақшасы «Радуга» гармониялық даму орталығының тәрбиеленушілері Таисия Утебаева, Колупаева Софья, №42 оқу-тәрбие кешенінің тәрбиеленушісі Таисия Косенкова, №29 сәбилер бақшасының тәрбиеленушілері Юлия Кочнева, Полина Братченко, №18 сәбилер бақшасының тәрбиеленушісі Таисия Литвинова, №29; №116 сәбилер бақшасының тәрбиеленушісі Ратмир Дитц, №122 мектепке дейінгі гимназиясының тәрбиеленушісі Жансая Нұржанова, №18 сәбилер бақшасының тәрбиеленушісі Глеб Басов, №126 сәбилер бақшасының тәрбиеленушісі Глеб Кабанцов марапатталды. Сондай-ақ басқа қатысушыларға «Алғыр балауса», «Ойшыл балдырған», «Зерек бүлдіршін» номинациялары табысталды.

Олимпиаданың қатысушыларын табысты дайындағаны үшін облыстық білім беру басқармасының дипломдарымен № 96 балабақшасының «Радуга» гармониялық даму орталығы, № 42 оқу-тәрбие кешені, № 122, № 29, № 18 сәбилер бақшалары марапатталды.

pavlodarnews.kz