Облыстық ТЖД-нің мәліметінше, 20-сәуір күні сағат 00.37-де Достық ауылдық округі Парамоновка ауылында Целинная, 9 көшесінде екі бөлмелі кірпіш үйден өрт шыққан.

Қызыл жалын 15 шаршы метр аумақты шарпып, оқиға орнынан бір адамның денесі табылды. Қазіргі таңда оның неден ажал құшқаны анықталуда. Маңдайы мен екі қолын термикалық күйік шалған екінші топтағы  мүмкіндігі шектеулі ер адам Ақсу қаласының орталықтандырылған ауруханасына жатқызылды.

Өртті ауыздықтауға жеке құрамнан төрт адам мен өрт сөндіру қызметінен бір бірлік техника жұмылдырылып, сағат 01:44-те толығымен сөндірілді.

Томирис Бекжан

pavlodarnews.kz