Төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің ақпаратына сүйенсек, өңірдегі елді мекендерді су басу қаупі жойылған.

Автомобиль жолының 16 учаскесі және (республикалық маңызы бар - 5, аудандық маңызы бар - 11) Павлодар-Семей бағытындағы теміржол учаскесін қар суы басқан. Осы жерлерде жол және жергілікті атқарушы органдарымен қозғалыс қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.

Бүгінгі күнде қар суы Баянауыл ауданының Ақмектеп және Жаңажол аймақтарында және Екібастұз ауданының Қаражар ауылындағы автожолдарда өтуде. Осы учаскелерде қалпына келтіру жұмыстары су деңгейі төмендегеннен кейін жүргізіледі.  Тұрғындардың өміріне ешбір қауіп төнген емес, ауылға жүретін жолдар ашық. 

 - Қазіргі уақытта Ертіс өзенінің арнасына мониторинг жүргізу іске асырылуда. Облыс бойынша өзен толығымен мұздан тазартылды. 19 гидрологиялық бекет тәулігіне 4 рет су деңгейін өлшейді. Шығыс Қазақстан облысы су қоймалары Ертіс каскадынан табиғатты қорғау мақсатында су жіберу кезінде су басу қаупі бар елді мекендерінде дайындық шаралары жүргізілді. Үйінділер нығайтылып, қаптар дайындалды және инерттік материалдар қоры құрылды, - дейді департаментте.

Суреттерді облыстық ТЖД ұсынды

pavlodarnews.kz