Бұл туралы 24.kz жызды.«Индустрияландыру картасы» аясында іске қосылған кәсіпорынның әлеуеті зор. Сондықтан облыс басшылығы зауыттың болашағы үшін болыспақ. Енді мекеме акциясының 49 пайызын «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы сатып алады. Осылайша еліміздегі бірегей зауыт мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жұмысын қайта жалғастырады. Қалдықсыз өнім өндіретін заманауи зауытта ені 6 миллиметрлік тақтай шығарылады. Кәсіпорын басшылығы өндірісті толық қуатында іске қосуды діттеп отыр. Келісім күшіне енсе, елдегі сұраныстың 80 пайызын қамтуға болады. Қазір мұнда 200 адам еңбек етіп жүр.

Даниал Ахметов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

- Біз зауыт жұмысын жандандыруға бар күшімізді саламыз. «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы бұған жәрдемдесетін болады. Десе де біз мәселені түбегейлі қарайтын боламыз. Бірінші кезекте өртенген цехтарды қалпына келтіру керек. Содан кейін шикізатпен қамту маңызды.

pavlodarnews.kz