"Оқжетпес емдік-сауықтыру кешені" АҚ директоры Қайрат Беркінбаевтың айтуынша, әлемде мұндай 500 ғана бастау бар. "Ары қарай біз оның суын емделушілер мен демалушылардың еміне пайдаланымыз. Су 700-800 метр тереңдіктен шығып жатыр. Мүны іске асыру үшін бес жыл уақыт кетті", - дейді Қайрат Беркінбаев "Шипажай-2017" халықаралық ғылыми-практикалық форум барысында.

Мамандардың сөзінше, перораль радон терапия адам иммунитетін көтеріп, асқазан қызметін жақсартады. Сонымен бірге, родонды судың қабынуға қарсы седативті және анальгетикалық әсері бар. Сондай-ақ, шара кезінде жақын аралықта елдің емдік-шипажай қорының бірыңғай тізімін құру жоспарланып отырғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілдшісі

pavlodarnews.kz