«Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалының ұйымдастыруымен өтіп жатқан шараға «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары облыстық штабы және «Жас Отан» жастар қанаты қолдау танытты.

- Бүгін «Жасыл ел» жастар қозғалысының белсенділері партия өкілдерімен бірге партия филиалы ғимаратының жанындағы аллеяға үш қарағай отырғызды. Сондай-ақ бір көшет облыстық дарынды балаларға арналған «Жас дарын» мамандандырылған мектебіне табыс етілді. Мұндай акция барлық аудандар мен қалаларда жалғасуда, - дейді облыстық штаб командирі Рамиль Смаилов.

Айта кетерлігі, 22-сәуірде Дүниежүзілік орман отырғызу күні шеңберінде қаланы абаттандыру, санитарлық тазарту және көріктендіру бойынша сенбілік өтеді.

Павлодар қаласы әкімдігімен іргелес орналасқан аумақтарда ағаш отырғызу үшін 21-сәуір (сағат 9.00 - 18.00) және 22-сәуір күні (сағат 9.00-12.00) Лесная көшесі, 2 мекенжайы бойынша «Горзеленстрой» ЖШС көшеттер мен ағаштар береді. Қосымша ақпарат үшін 608119 телефонына хабарласуға болады.

pavlodarnews.kz