Бұл туралы «Казавтопром» ҚАСКО Басқарма төрағасы Олег Алферов «Қазақстан Республикасының автокөлiк өнеркәсiбi кәсiпорындарының 2017 жылғы 1-тоқсандағы жұмыс қорытындысына» арналған ОКҚ брифингi барысында айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Жыл басынан берi Қазақстанда автомобиль құрастыру көлемi артып келедi. Әсiресе, соңғы үш айда көбейген. Ал екi тоқсанда көлiк сатылымы да артқан. Тоқсан қорытындысы бойынша, 2016 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда импорттық көлiктерге деген сұраныс және Қазақстан нарығындағы жалпы сатылым көлемi 28 пайызға қысқарған. Ал отандық автокөлiктердiң сатылымы керiсiнше 25 пайызға артқан. Егер бiр жыл бұрын тұтынушылардың тек 19 пайызы қазақстандық автозауыттардың өнiмдерiн таңдаса, қазiр елде сатып алынатын көлiктердiң үштен бiрi - отандық көлiктер», - дедi Олег Алферов.

Оның айтуынша, биылғы жылдың үш айында ел аумағында 3405 автокөлiк құрастырылған. Олардың қатарында жүк көлiгi, жеңiл көлiк, автобус пен арнайы техника бар. Барлығы 16,4 млрд теңге сомасына көлiк шығарылды. Осылайша, биылғы шығарылған көлiк көлемi өткен жылғыдан 4 есеге артық болды. Әсiресе, шығарылған жеңiл көлiк көлемi өткен жылғымен салыстырғанда 7 есеге артты. Жыл басынан берi iшкi нарықта барлығы 2587 жүк, жеңiл және т.б. автомобиль түрлерi сатылды.

pavlodarnews.kz