Биылғы жылы сенбілік Жалпықазақстандық ағаш отырғызу күнімен тұспа-тұс келген. Сондықтан тазалық жұмыстарынан басқа, Павлодар облысында ағаштар мен талдар отырғызу туралы шешім қабылданған.

- Қалалар мен аудандарда өтетін акцияға 15 мыңнан астам адам қатысады деп күтілуде, - деді облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы басшысының орынбасары Қадылжан Сәтиев облыстық әкімдікте өткен жиын барысында. – Көшеттермен жергілікті тәлімбақтар қамтамасыз етті. Мәселен, облыс орталығы үшін бір мың көшет бөлінеді. 

Павлодарда көшеттерді үйлестіру бүгін, 21-сәуір күні басталды. Мемлекеттік мекемелер мен пәтер иелері кооперативтеріне тегін беріледі.

Қала әкімі Нұржан Әшімбетовтің айтуынша, облыс орталығында ағаш отырғызу үшін екі орын белгіленген: Бестужев және Луговая көшелері.

Павлодарда сенбілікте қоқыс шығару үшін кем дегенде 100 бірлік арнайы техника бөлінеді. Егер де мемлекеттік мекемелер мен ПИК-тер қалалық және аула ішіндегі аумақтарды тазаласа,  өнеркәсіптік кәсіпорындардың ұжымдары қалаға кіретін және шыға беріс учаскелерді ретке келтіреді.

Томирис Бекжан

pavlodarnews.kz