Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланғанындай, сәуірдің 19-27 аралығында, Қытай делегациясы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы мен Сарапшылар қауымдастығы ұсынған қой етін өндіретін бірқатар кәсіпорындарды аралап, оларға тексеру жүргізеді. Бұл ретте Қытай мамандары тартылған арнайы инспекция қазақстандық әріптестерімен бірлесіп еліміздің 5 өңіріндегі ірі ет өндіруші кәсіпорындардың жұмысымен танысуды жоспарлап отыр.

«Айта кетерлігі қазіргі таңда Қытайдың Сертификаттау мен тіркеу жөніндегі бас басқармасына әлем бойынша 100-ден аса мемлекет 10 мыңға тарта ұсыныс тастаған. Олар Қытайдан оң қорытынды алу кезегін күтуде. Алайда, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрi Асқар Мырзахметовтың ағымдағы жылғы сәуір айының басында Қытай Халық Республикасына іс-сапары аясында жасалған келіссөздердің арқасында, Қазақстаннан түскен ұсыныстарға айрықша мән беріліп, мерзімі жеделдетілді», - делінген баспасөз баянында.

Тексеру нәтижесінің қорытындысы бойынша, қазақстандық қой етін қытай нарығына шығаруға рұқсат беру мәселесі қаралады. 

 

pavlodarnews.kz