Бұл туралы 24.kz жазды. Сан соғып қалғандардың дені Ақсай қаласындағы «Шлюмберже» аталатын кәсіпорынға кірмек болып, әрқайсысы 120 мың теңгеден 600 мың теңгеге дейін ақша ұстатқан. Тергеу барысында оның бұрын да алаяқтық әрекеті үшін істі болып, 3 жылдай мерзімін темір тордың ар жағында өткізгені анықталды. Пысықай ол кезде тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен үй беремін деп тоғыз адамды тақырға отырғызған екен. Полиция алаяқтан зардап шеккен өзге де тұрғындар болса шұғыл түрде хабарласуды сұрайды.

Руслан Есетов, қалалық ішкі істер басқармасы тергеу бөлімінің тергеушісі:

- Қазіргі уақытта күдікті Талблимов Арман 2 ай мерзімге ұсталып, «күзетпен ұстау» шарасы қолданылған болатын. Күдікті Арман Талблимовты таныған болсаңыздар 102 нөміріне хабарласуға немесе Орал қаласы Айталиев көшесі мекен-жайындағы Орал қалалық ішкі істер басқармасына арыз беруіңізге болады.

pavlodarnews.kz