Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы хабарлады, дейді 24.kz. Ислам Әбішевтің айтуынша, еліміздің алты өңірін су басқан. Батыс Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарын әлі де су шаю мүмкіндігі сақталады.  Ал Астананы су басу қаупі жоқ, - деп сендірді маман.

Ислам Әбішев, ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің төрағасы:

- Осы жолы су өте көп болды. Жеті күнде 430 млн текше. Астана су қоймасына алғаш рет осыншама көлемде су жиналып отыр. Абырой болғанда, жергілікті билік органдары, төтенше жағдайлар қызметі мен су ресурстары комитетінің бірлесе жасаған жұмыстардың арқасында апатты алдын алдық.

pavlodarnews.kz