Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының кеңсесінде ел кубогі додасының жеребесі тартылып, ширек финалда кездесетін командалар анықталды.

1/8 кезеңінен шыққан 8 команда 4 жұпқа бөлінді.

«Қайрат» ФК 10-мамыр күні Алматыда «Ертіспен» ойнайды. Қалған жұптар:
«Жетісу» - «Ордабасы»;
«Атырау» - «Ақтөбе»;
«Оқжетпес» -«Шахтер».

Айта кетейік, бірінші аталған командалар өз алаңдарында ойнайды. Жеңімпаз бір ойын нәтижесі бойынша анықталады.

Еске салайық, 19-сәуір күні «Ертіс» Орталық стадионда қызылордалық «Қайсарды» қабылдап, овер-таймда Антонио Родриго соқан голдың арқасында жеңіске жетті (3:2).

Ал, 23-інші сәуір күні павлодарлықтар Премьер-Лиганың 8-інші туры аясында сол алматылық «Қайратпен» кездеседі. Орталық стадионда өтетін матч 14:00-де басталады.

Абзал Қабдраш
Суретті түсірген - автор

pavlodarnews.kz