Бедері тасты болып келген планетаның қалың атмосферасы бар көрінеді. 5 миллиард жыл болатын планетаның аумағы Жерден 1,4 есе, ал салмағы 6 есе үлкен. Мамандар оны Чили тауындағы автоматтандырылған телескоп арқылы тапқан. Бірақ Жерге 40 жарықтық жылдай қашықтықта орналасқан ғаламшар өзінің шырағынан жылуды әлдеқайда аз алады екен.

Сондықтан ондағы тіршілік Жерден көрі Марсқа ұқсайды дейді ғалымдар. Бірақ тартылыс күші Жерден үш есе артық болуы мүмкін. Енді ғалымдар жақын күндері оны «Хаббл» телескопы арқылы тереңірек зерттеуге кіріседі, деп жазды 24.kz.

pavlodarnews.kz