Бұл туралы 24.kz жазды. Енді кез келген Тараз қаласының тұрғыны аукцион арқылы сатылымға шығарылатын қала аумағындағы жер телімдері туралы ақпарды онлайн режимде ала алады. Пилоттық жобаны облыстық прокуратура енгізіп отыр. Жоба авторларының айтуынша, бұл жер телімдерін сатып алуда ашықтықты қамтамасыз етіп қана қоймай, жемқорлық пен бюрократиялық бөгеттерді жоюға мүмкіндік береді. Жүйе «Заңнамалық нормалар», «Жер телімдері» және «Өтініштерді тексеру» сияқты үш бөлімнен тұрады. Қажетті мәліметтерді жеке сәйкестендіру нөмірін енгізу арқылы білуге болады. Айта кету керек, қалада соңғы 5 жылда жер телімдеріне қатысты 5 мемлекеттік қызметкердің үстінен қылмыстық іс қозғалып, тағы 40-қа жуығы тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Қарлығаш Аралбекова, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры:

- Жылдап жүрген кәсіпкерлер бар. Бір жыл, екі жыл өздерінің жерін, не болмаса бір рұқсат құжаттарын, не болмаса бағаларын ала алмай жүр. Біздің кәсіпкерлер палатасына 217 өтініш келіп түсті. Сол өтініштердің ішінде 124-і ол негізгі жер қатынастарына байланысты.

pavlodarnews.kz