Қалалық білім бөлімі хабарлағандай, «Тұсаукесер», «Ұлтты тану», «Өнертаным» атты үш кезеңнен сүрінбей өтіп, тіл меңгеруі және сахналық мәдениетімен дараланған мұғалім қазылар алқасының жоғары бағасын иеленді.

Үміткерлер өнерін бағалау кезінде тілдерді меңгеру деңгейі, баяндаудың мазмұндылығы мен сапасы, көркем мәтінді таңдау талғамы мен оқу шеберлігі, үш тілде сауатты сөйлеуі және сахналық мәдениетіне баса назар аударылды.

Ағылшын, орыс және өзінің ана тілін жетік меңгерген жас ұстаздың Павел Васильев, Udi Dampti және Сұлтанмахмұт Торайғыров поэзияларына деген қығығушылығы басым. Жұлдыз Алтаева № 22 мектепте 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап қызмет істейді.

Айта кетейік, Жұлдыз Алтаева қалалық байқаудың да жеңімпазы атанып, бағалы сыйлықтармен марапатталған. Осы уақыт ішінде Халықаралық «British Buildog» конкурсының бес жеңімпазын дайындап, «Білімге сапар» республикалық журналында «The flora of Kazakhstan: semi-deserts and mauntains», «The geaographical positions of Kazakhstan» мақаласын жариялады.

pavlodarnews.kz