- Оның ішінде «Қызылжар» ЖШС құс фабрикасы,  «Абай» ЖШС  ет комбинаты және  «Группа Интер» аталатын «Пахомовские» ұн өнімдерін жасайтын наубайханаларда кезекті тексеріс жұмыстары жүргізілді. «Абай» ЖШС ет комбинаты - қысқа уақыттың ішінде  Араб, Мысыр  нарығында сапалы әрі халал ет өнімдерін ұсынып келе жатқан  компания. Қорытынды акт бойынша, мекемелерде стандарт талаптарын сақтамау және бұзушылық жағдайлары анықталмады. Тексеріс оң нәтижені көрсетті. Алдағы уақытта қалған кәсіпорындарда айлық тексеріс жалғасатын болады, - дейді Мәшһүр Жүсіп мешітінің баспасөз хатшысы Амантай Тойшыбайұлы.

Сонымен қатар «Тағам» асхана желісі халал сертификатын жаңартты. Соңында қалалық мешіттердің әйелдер-қыздар секторы жауаптылар мен белсенді әйел жамағатының қатысуымен халал тағам түрі, тағамдық (Е) қоспалар жайында арнайы семинар өткізді.

Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінде өткен семинар аясында қатысушыларға шариғаттағы халал мен харам түсінігі, адал астың құлшылық пен күнделікті өмірге беретін пайдасы, харамның ақырет пен денсаулық үшін тигізер зиянына да кеңінен тоқталып өтті. Шара соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

 Фото: Мәшһүр Жүсіп мешітінің баспасөз қызметі

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам