«Автовокзалсервис» ЖШС директоры Евгений Пилипенко айтып өткендей, Омбы, Новосібір, Кемерово, Барнаул, Екатеринбург және Славгородқа баратын маршруттар тоқтатылды. Жолаушылардың алдын ала сатып алған билеттері қайтарылды.

- Осыған орай кәсіпорынымызда жалақы төлеу мен салық өтеудегі қиыншылықтар туа бастады, - дейді Евгений Пилипенко. – Ұжымды сақтап қалу үшін күш салудамыз. Кейбір жұмыскерлеріміздің жұмыс уақытын қысқартсақ, енді біреулерді ақысыз демалысқа шығарудамыз.

Осы орайда «Автовокзалсервис» ЖШС директоры мемлекеттік қолдауға үміт артуда. Өйткені, кәсіпорын зор көлемдегі шығынға батуда. Евгений Пилипенко ұжымды сақтап қалу үшін мемлекет тарапынан дотация немесе салықтық жеңілдік беруді өтінеді.

- Мысалы, Омбыға күніне 4 рет, Новосібір мен Славгородқа 2 рет, Кемеровоға 1 рет автобус жүретін, - дейді Евгений Пилипенко. – Оның үстіне мерекелік іс-шаралар өткізілмейтіні себепті ішкі рейстер саны екі есеге төмендеді. Жалпы былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда жолаушылар тасымалының небары 35-40 пайызы ғана сақталды.

Арслан Ғалымбек

Фото: Ольга Бугаева

pavlodarnews.kz

Тэги: автобус, вокзал, жолаушылар, коронавирус, кәсіпкерлік