Әлеуметтік желіде Бірлік ауылы аумағындағы қар мен мұздың еруін су тасқынының басталуы туралы айтылған видео пайда болды. Видео Қарағанды – Баянауыл ауданының шекарасында түсірілген.   

Дегенмен аудан әкімдігі бұл жерде жыл сайын ағып жататын бұлақ туралы сөз болуы мүмкін деп санайды.

- Бұл - табиғи бұлақ, - деді аудан әкімі Қанат Кәрімов. - Ол жақын маңдағы шоғырдағы мұздың қатты еруінен пайда болады. Елді мекен үшін қауіп төндірмейді. Жаңбыр мол жауса, жазда да болады. Әзірше еріген су бар және ауа райы бізді қуантып тұр.

Шамамен бір жарым аптадан кейін Қарағанды облысының көршілес Ақжар бөгеті мен Ащысу өзенінен су келеді деп күтілуде.

- Бұл - жыл сайын болатын жағдай. Сондықтан осыдан төтенше жағдай туралы айтудың қажеті жоқ, - деп хабарлайды Бірлік ауылының тұрғындары.

Айта кетейік, Қарағанды облысының аумағында екі бөгет орналасқан. Су жіберілген жағдайда Баянауыл ауданының екі елді мекені бағыты бойынша ағады. Ащысу өзені Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының және Павлодар облысы Баянауыл ауданының аумағы бойынша өтеді.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: