Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

- Бұл коронавирус инфекциясынан қалай қорғануға болады?

– Қазір тұрғындардың медицина маскасына сұранысы артқанынан хабардармыз. Өйткені, олар бетпердені коронавирустан қорғанудың бірден-бір жолы деп түсінеді. Шындығында, бетперде қорғаныш құралының бірі екені даусыз. Медициналық маска алдымен, вирусқа шалдыққан адамдарға және науқастармен тікелей жұмыс істейтін дәрігерлерге аса қажет. Вирусты көз, құлақ, тіпті жуылмаған қол арқылы жұқтыруға болады. Сондықтан, елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты коронавирустан сақтану шаралары күшейтілді. Ең бастысы, мұндайда үрейге, сарыуайымға бой алдырмай, сабырлық танытып, сақтану шараларын қатаң сақтауға көңіл бөлгені жөн. Өйткені, үрей – вирустан да қауіпті тазалық қағидаларын сақтаған жөн.

– Қазір Атыраудағы дәріханаларда медициналық масканың қаншасы бар?

– Біздің департамент күн сайын облыстың дәріханаларындағы медициналық маска бар-жоқтығына мониторинг жүргізеді. Фармацевтика нарығындағы кәсіпкерлерге халықтың сұранысын қамтамасыз ету мақсатында медициналық маска қорын уақытылы толықтыру туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Қазір облыс орталығында 2 мың жиынтық бір реттік қолданылатын маска бар. Маскалар Атырау қаласы маңындағы Томарлы селосында орналасқан «Игі сәт» ғимаратындағы дәріханада мен Жерұйық мөлтекауданындағы «Зибаш» дәріханасында сатылуда. Сондай-ақ, «Медфарм импорт» ЖШС мен «ҚазТехИндустрия» компаниясым арасында 100 мың дана көп реттік қолданатын маска алу үшін келісімшарт жасалды. Келісімшартқа сәйкес Атырауға масканың 50 мың данасын 20 наурызда жеткізу көзделіп отыр.

– Медициналық масканы 3-4 сағат сайын ауыстыру қажет. Осыған орай оның бағасын қолжетімді етуге болмай ма?

– Біздің департаменттың құзыреті шегінде тек дәрілік заттардың бағасын мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады. Ал, маска медициналық бұйым болғандықтан, біздің департамент оның бағасын реттемейді.

pavlodarnews.kz

Тэги: