Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Елбасы, Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша карантин жарияланған Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы жалғыз басты қарттарға, мүгедектер мен тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға атаулы көмек көрсету үшін 150 миллион теңге бағытталды. 

Аталған қолдау "Кедергісіз келешек", "Бақытты отбасы" және "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобалары аясында жүзеге асып отыр. 

Бұл қаражатқа медициналық маскалар, антисептикалық құралдар мен бірінші кезекте қажетті тауарлар сатып алынып, оларды партиялықтар мен Jas Otan волонтерлары халықтың тұрмысы төмен әлеуметтік тобына үлестіріп беретін болады.

Сонымен қатар, партияның Орталық аппараты мен филиалдарының қызметкерлері осы қажеттіліктерге өздерінің бір күндік жалақыларын аудару туралы шешім қабылдады.

pavlodarnews.kz

Тэги: