- Уақыт бойынша барлар, дәмханалар мен мейрамханаларға шектеу қойылғаны белгілі, - деп атап өтті Сәкен Шаяхметов. - Денсаулық сақтау министрлігі мен Сауда министрлігі шығарған ұйғарым бар. Соған сәйкес әрекет еткен дұрыс. Оларға бетперде және антисептиктер бойынша көмек көрсете аламыз. Басқа да қолдан келетін әкімшілік шаралар бойынша көмек көрсетіледі. Мұндай нысандар өте көп екені түсінікті, күн сайын барлығына қоңырау шаламыз, талап бар екені жайында айтамыз және оны сақтауға мәжбүр етеміз. Бірақ біз бәрін физикалық тұрғыдан тексере алмаймыз.

Спикердің айтуынша, бірінші кезекте әкімшілік шара қолданылады, қайта бұзушылық болған жағдайда тағы да қатаң жазалау шаралары қабылданады.

- Егер бәсекелесіңіз немесе басқа біреу заңды бұзып, жұмысты жалғастыратынын байқасаңыз немесе жай ғана өз әлеуметтік жауапкершілігіңізді көрсеткіңіз келсе, дереу хабарлаңыз. Ол үшін шұғыл желі мен call-орталықтар бар. Мұндай бұзушылықтың жолын кесеміз, өйткені барлығы осы шараларды сақтауы керек. Бірінші кезекте бұл - біздің денсаулығымыз, ал екіншіден, егер біреу жабылса, ал біреу ақша табуды жалғастырады, - деді Сәкен Шаяхметов.

Айта кетерлігі, 17 наурызда Павлодар полицейлері Катаев көшесінде орналасқан компьютерлік клубтардың бірінің жұмыс істеу фактісін анықтады. Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың жариялануына байланысты мемлекеттік орган белгілеген талаптарды орындамағаны үшін компьютерлік клубтың 28 жастағы директорына қатысты ҚР ӘҚБК 476-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал сотқа жіберілді.

Еске сала кетейік, биылғы жылдың 16 наурызынан бастап ел аумағында төтенше жағдай енгізілді. Жарлыққа сәйкес сауда-ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, театрлар, көрмелер және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметін тоқтата тұру көзделген.

Фото: Ольга Бугаева

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам