Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

- «ВАЗ» автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі 64 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті.  Салдарынан жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, - дейді полицейлер.

Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, зейнеткердің жарақаттары өмірмен үйлеспейтін.

- Шақыртудан келе жатқан жедел жәрдем адамдар көп шоғырланған жерге тоқтаған болатын. Ер адамды көлік қағып кеткен екен, - деп түсіндірді дәрігерлер.

Полиция ведомствосында аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп, сараптама тағайындалғанын атап өтті.

Фото: pavlodartoday.kz

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам