Облыстық ТЖ департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өткен жылдары су басқан автомобиль жолдарының барлық учаскелері бақылауға алынды.

- Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Сұңғат Есімханов, ТЖ департаменті бастығының орынбасары Самат Асайынов, Екібастұз қаласы ТЖ басқармасының бастығы Айдын Қажыбеков, сондай-ақ Екібастұз қаласы жергілікті атқарушы органдарының бірқатар жауапты тұлғалары «Қазақавтожол» өкілдерінің қатысуымен республикалық маңызы бар автомобиль жолын аралап, Шідерті өзеніндегі бөгетті тексеріп шықты, - деді баспасөз қызметінде. - Автожолды аралау барысында су өткізу құбырлары мен Ақмола облысының шекарасына дейінгі қар сорғыш учаскелер тексерілді.

Аралаудың нәтижелері бойынша облыс әкімінің орынбасары жолдың проблемалық учаскелерінде қар тоқтату орындары бойынша ұсыныстар енгізу жөнінде тапсырма берді.

Шідерті өзенінің бөгетінде «ҚТЖ» АҚ мен Сәтбаев атындағы арна өкілдерін тыңдап, жергілікті атқарушы органдарға қысқа мерзімде коммуналдық меншікке теңгерімге алу мәселесін шешу, бөгетке техникалық тексеру жүргізу және тиісті шешім қабылдау тапсырылды.

pavlodarnews.kz

Тэги: