Қалалық ТҮКШ бөлімінің мәлімдеуінше, қаланың коммуналды қызметі көпқабатты үйлердің ауласын және жеке меншік секторды еріген қар суынан тазалауда.



- Соңғы үш тәулік ішінде, яғни 16-18 наурыз аралығында 950 текше метр су сорылды. «Коммунсервис» КММ тарапынан 7 техника жұмылдырылып, 100-ден астам рейс жасалды. Еріген қар суын ағызу канализациялық ағын арқылы жүргізіледі, - деді ТҮКШ бөлімінде.



Күн сайын ТҮКШ бөлімінің инстаграмм аккаунтына тұрғындардан су сору мәселесі бойынша 10-нан астам өтініш келіп түседі.

Сонымен қатар, 109 бірыңғай байланыс орталығының жүйесінде 15-20 өтініш тіркеледі.

ТҮКШ бөлімі еріген қар суын сору жұмыстары тұрақты бақылауда екенін атап өтті.

Фото: ТҮКШ бөлімі

pavlodarnews.kz

Тэги: