Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс әкімінің бірінші орынбасары Сұңғат Есімханов мәлім етті.

- Жалпы тұрғындардың арасында осы инфекцияның таралмауы үшін жұмыс жүргізілуде, - деді Сұңғат Есімханов. -  Бүгін және кеше Нұр-Сұлтан және Алматы қаласында жарияланған карантин аясында теміржол және әуежай хабарламаларында тұрғындардың арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Егер тіркеу болмаса, бұл қалаларға бару дұрыс емес. 22 наурызда осы қалаларға шығу және кіру бойынша толық шектеу қойылды. Алдағы екі күнде осындай міндет тұр.

Облыс әкімінің орынбасары бұл көрсеткіш күн сайын өзгеріп отыратынын атап өтті.

- Қазіргі таңда ауруханалар дайын, - деп атап өтті Сұңғат Есімханов. - Қоғамдық көліктер мен кәсіпорындарда дезинфекция шарлары жүргізілуде. Кеше Екібастұздың ірі кәсіпорнында болдық. Медициналық тексеріс күшейтілген. Азаматтардың өздері де сақтық танытқаны дұрыс. Кәсіпорындар тиісті дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз етілген. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады.

Еске сала кетейік, Павлодар облысында коронавирус инфекциясы тіркелмеді. Өңірде жағдай қалыпты, барлық алдын алу және болдырмау жұмыстары әкімшілік тарапынан жүргізілуде.

Аймақтық жедел штаб тәулік бойы жұмыс істейді. Облыс тұрғындары мен қонақтары 67-52-08 нөміріне және 103 жедел жәрдем станциясы желісіне, 1406 ортақ республикалық нөміріне хабарласа алады.

Коронавирустық инфекция анықталған жағдайда облыста 845 төсек-орын дайындалған. Екі стационар - облыстық балалар ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде, 115 негізгі орын - № 1 қалалық аурухананың акушерлік және хирургиялық бөлімшелерінде. 250 провизор төсегі, сондай-ақ коронавирустың аурушаңдығы мен өлім-жітімі жоғары елдерден келген адамдарға арналған 480 орындық карантин орталығы әзірленген.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам