Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімінің бірінші орынбасары Сұңғат Есімханов мәлім етті.

- Қаланың осы бөлігін жыл сайынғы су басуы бірқатар себептерге байланысты, - дейді Сұңғат Есімханов. – Бұл соңғы жеті-сегіз жыл көтеріліп келе жатқан мәселе екені құпия емес. Мұнда себептердің тұтас кешені көрінеді, бұл – жер асты суының көтерілуі, кәріз, су құбыры мәселелері. Екінші Павлодарда ауқымды көлемде су өткізетін көптеген жеке қосулар болды.

Сұңғат Есімхановтың айтуынша, бұл мәселені шешудің бірі - кәріз құрылысы, оған 500 млн теңге бөлінген.

Шағын ауданның кейбір көшелеріндегі мәселелерге қарамастан, бұл жоба жақын арада аяқталуға жақын.

- Екінші Павлодардың қалған бөлігіне кәріз құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде, - дейді Сұңғат Есімханов. - Тағы бір маңызды жоба – көлденең дренаж жүйесі. Жазда оны әзірлеу аяқталады және қаржыландыруға кірісеміз.

 

Фото: ӨКҚ

pavlodarnews.kz

Тэги: